• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Ақпан, 2025

Қостанайлық еріктілер 120 есірткі жарнамасын жойды

57 рет
көрсетілді

Қостанайда өткен «Заң мен тәртіп» акциясы аясында полицейлер мен ерікті жастар қоғамдық орындарды аралап, есірткі тарататын сайттардың жарнамасы бар 120 граффитиді жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ерәділованың айтуынша, аталған акция биыл бесінші рет өтіп отыр.

«Есірткіге қарсы көп болып, бірлесіп күрессек қана нәтиже болады. Бұл бағыттағы іс-шараларға тек ерікті жастар мен қоғамдық ұйымдар ғана емес, жалпы қала тұрғындары да белсенді атсалысуы керек. Аса қауіпті қоғамдық дертті сонда ғана жеңеміз. Бүгінгі акция біздің есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған кешенді жұмысымыздың маңызды бөлігі ғана», дейді полиция подполковнигі.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, өткен жылы өңірде 3 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылған.