2 наурыз күні Болгария астанасы Софияда өткен 76-шы «Странджа кубогі» мәресіне жетті. Халықаралық турнир нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль еншілеп, көш бастады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларында «алтын» саны тең болғанмен, ел құрамасы «күміс» саны бойынша алға шықты. Оңтүстіктегі көршілеріміз 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен екінші тұғырдан табылса, жарыс қожайындары Болгария құрамасы 2 алтын, 3 қоламен үздік үштікті түйіндеді.
Әлемнің 20 мемлекетінің былғары қолғап шеберлері бас қосқан бәсекеде жүлдеге қол жеткізген Қазақстан ерлер құрамасы:
Алтын медаль:
63,5 келі - Ертуған Зейнуллинов67 келі - Төрехан Сабырхан71 келі - Аблайхан Жүсіпов75 келі - Сабыржан Аққалықов86 келі - Бекзад Нұрдәулетов
Күміс медаль: 51 келі - Даниал Сәбит 54 келі - Тимур Қабдешов60 келі - Серік Теміржанов63,5 келі - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы71 келі - Фарух Тоқтасынов75 келі - Тимур Нұрсейітов80 келі - Ерасыл Жақпеков86 келі - Нұрбек Оралбай+92 келі - Айбек Оралбай
Қола медаль: 48 келі - Теміртас Жүсіпов57 келі - Оразбек Асылқұлов60 келі - Талғат Сырымбетов92 келі - Данияр Рахымбердинов
Сайыс соңында құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанға «Үздік команда» кубогі табысталды.