• RUB:
    6.05
  • USD:
    518.57
  • EUR:
    566.59
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Наурыз, 2025

Шахматшы Қазыбек Нөгербек қола жүлдегер атанды

28 рет
көрсетілді

Францияда өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан шахматшысы 3 орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

20 жастағы гроссмейстер Қазыбек Нөгербек 9 турда (6 жеңіс, 2 тең ойын, 1 жеңіліс), 7 ұпай жинап, жүлделі орынға жетті. Қазақстан шахмат федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше отандастарымыздың нәтижелері: Қазыбек Нөгербек – 7 ұпай, 3 орын (+7 рейтинг), Әлішер Сүлейменов – 6 ұпай, 16-орын, Аланна Берікқызы – 4 ұпай, 86-орын, Тимур Душатов – 4 ұпай, 93-орын.