• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2025

Қостанай облысында заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды

19 рет
көрсетілді

Цехтан 8 млн теңгенің  алкоголь өнімі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Полиция қызметкерлері мен Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері аудандық прокуратураның үйлестіруімен Қарабалықта заңсыз алкоголь өндірісін анықтау бойынша бірлескен іс-шара жүргізді.

«Құқық қорғау органдарының назары облысқа шыны ыдыстардың үлкен партиясын әкелген жүк тасымалдау қызметін көрсететін кәсіпкерге аударылды. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығындағы ықшамаудандардың бірінің аумағында контрафактілік өнімдері бар цех анықталды. Тінту кезінде алкоголь өнімдерін өндіруге және бөтелкеге ​​құюға арналған жабдықтар, сондай-ақ 0,5 литрлік 2 180 бөтелке алкоголь тәркіленді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар заңсыз өнімді жөнелту пункті анықталып, жойылды. Осы орынға жеткізілген Газель көлігінде 3 мың бөтелке алкоголь мен  спирттік өнім болуы мүмкін 5 литрлік сұйықтығы бар 16 канистр табылды.Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.