Қоғам Бүгін, 17:57

Шымкент – Сеул жаңа әуе бағыты ашылады

30 рет
көрсетілді

Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыруда тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы «Шымкент – Сеул» бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.

Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі.