Төтенше жағдай Кеше

Қостанай облысында 174 жүк көлігі жолда қалып қойды

30 рет
көрсетілді

Кеше кешке қарай күшейе түскен қарлы боран мен көктайғақтың салдарынан өңірде ауыр жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің жолға шығуына тыйым салынды. Облыстық маңызға ие төрт, республикалық маңызы бар екі трассаға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түнде Октябрь кенті мен Әулиекөл ауылының арасындағы автожолда Ақмола облысынан келе жатқан 174 жүк көлігі тұрып қалды. Жолда қалған көліктердің ішінде жолаушылар автобусы да бар.

Мысалы, Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан автобуста 4 бала, 5 әйел, 42 ер адам болған. Полиция қызметкерлері жолаушыларды мектеп жанынан ашылған жылыту пунктіне орналастырып, ас-сумен, жатын орынмен қамтамасыз еткен.

«Блокпосттардағы жол қауіпсіздігін патрульдік полицейлер, ТЖД, «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері қамтамасыз етіп жатыр» деп мәлімдеді облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.