• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2010

АНА АЛҒЫСЫ – ЖҮРЕК СӨЗІ

566 рет
көрсетілді

Президент поштасынан Мемлекет басшысының атына Түркістан қаласының тұрғыны Гүлмира Өтегеновадан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Хат авторы – егіз перзенттің анасы. Егіздің сыңары Еркежанға дәрігерлер туғанда “балалардың церебраль сал ауруы” диагнозын қойған. Анасы оны біршама ауруханалар мен медициналық орталықтарда емдеткен. Емдеуші дәрігер 2008 жылы Г.Өтегенованы қызымен бірге Астанадағы жаңа республикалық балаларды оңалту орталығына жіберген. Ана мен бала орталығында тексерістен өткеннен кейін Еркежанға жедел түрде операция жасалып, нәтиже­сінде 6 жастағы қыз жүре бастаған. Гүлмира өз хатында қазіргі уа­қыт­та қызымен бірге “Болашақ” бөлімінде дәрігерлердің бақы­лауы­мен тағы да тексеруден өтіп жат­қанын жазады. Оның жазуынша, мұнда Қазақстанның барлық өңір­лерінен келген балалар емделуде. Олар тек ем алып қана жатқан жоқ, сонымен қатар шығар­ма­шылықпен айналысуда, сурет салып, өлең жазуға машықтануда. “Орталықтың барлық қыз­мет­керлеріне балаларға көрсеткен қамқорлығы мен жанашырлығы үшін алғысымды айтқым келеді. Ұжымда орныққан жоғары кәсіби­лік, жауапкершілік маған және менің отандастарыма үлкен әсер қалдырды”, делінген хатта. Одан әрі Г.Өтегенова Мем­ле­кет басшысына деген өз риза­шы­лығын былайша жеткізеді: “Қа­зақ­станның бас қаласында бірқа­тар инновациялық орталықтардың басын қосқан медициналық клас­терді ашқаныңыз үшін Сізге зор алғысымды айтамын. Біз Сізге балаларымызға көрсетілген көмек үшін шын жүрегімізден риза­шы­лығымызды білдіреміз. Сіздің бастамаңызбен құрылған серпінді жобалар қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартып, біздің мемлекетіміздің дамуын жаңа технологиялық сапаға көтеруге мүмкіндіктер берді. Осы заманғы бірегей емдеу мекемелерін құру жөніндегі Сіз қабылдаған көреген шешімдер қазірдің өзінде мың­даған адам өмірін құтқарып қал­ды. Сіздің тарихи жасампаз­ды­ғыңыз халық жадында ғасырларға жете бермек. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз біз үшін, Қазақ­стан­ның барлық халқы үшін – Ұлт көш­басшысысыз! Сізге мықты ден­саулық, әрбір жаңа күн Сіздің үйіңізге келісім мен бақыт әке­луін, тілектеріңіздің орындалуын және табыс тілеймін! Сіздің және Сіздің жақындарыңыздың игілігі мол болсын!”. Бұл хатқа сондай-ақ балаларды оңалту орталығында, Ана мен бала орталығында және ней­ро­хи­рур­гия ор­талығында емделіп жат­қан онда­ған балалардың аналары қол қойған.