• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Ақпан, 2026

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

20 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылғы 7 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашық:

Ұлытау облысы

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 433-750 км (Жезқазған қаласы – Жаңаарқа кенті);

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 750-788 км (Жаңаарқа кенті – Қарағанды облысының шекарасы).

Жетісу облысы

«Үшарал – Достық» автожолы, 84-164 км (Көктұма ауылы – Достық станциясы).

Қарағанды облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 92-164 км (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау БӨП);

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 788-906 км (Ұлытау облысының шекарасы — Топар кенті);

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 970-1064 км (Қарағанды қаласы – Молодежный кенті);

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1064-1135 км (Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысы

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1135-1206 км (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 254-431 км (Шідерті кенті – Атамекен кенті);

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200-254 км (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті).

Ақмола облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 30-92 км (Жібек Жолы БӨП – Қарағанды облысының шекарасы);

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16-200 км (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Ауа райының қолайсыздығына байланысты мына учаскелерде қозғалысқа шектеу қойылды:

Абай облысы

«Өскемен – Семей» автожолы, 103-198 км (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 778-1013 км (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1013-1062 км (Абай облысының шекарасы – Рубеж бекеті);

«Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолы, 15-105 км (Белоусовка кенті – Риддер қаласы);

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1104-1191 км (Глубокое ауылы – Шемонаиха қаласы);

«Өскемен – Семей» автожолы, 10-103 км (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы).

Жамбыл облысы

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238 км (Кенен ауылы – Қайнар ауылы). Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы

KAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолы, 17-60 км (Қарағанды қаласы – Ботақара кенті);

KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы» автожолы, 248-592 км (Атамекен кенті – Балқаш қаласы).

Павлодар облысы

Көлік айрығының аралық құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының «Қалқаман» айрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс учаскесінде барлық көлік түрлері үшін уақытша қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы күрделі таулы жағдайларға байланысты Осинов асуында 46-66 км аралығында (Северный ауылының бұрылысы – Серебрянск қаласының бұрылысы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар