Қоғам 19 Наурыз, 2025

2 млрд теңгені мақсатсыз пайдалануға тосқауыл қойылды

29 рет
көрсетілді

Жуырда Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық тергеп-тек­серу департаментінің бөлім басшысы Жасұлан Жәмәлиев журна­лис­терге брифинг беріп, кейінгі 2 жылда департаменттің жұмысы нәти­жесінде құрылыс және жөндеу салалары бойынша 2 млрд тең­геден аса негізсіз бюджет шығындарына жол берілмегенін айтты.

Сондай-ақ департамент әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығында пайдасыз делдал­дықты болдырмау, рұқсат етілген сауда үстемесінің асып кетуіне жол бермеу бойынша да жұмыстар жүргізіп жатыр екен. «Сауда қыз­метін реттеу туралы» заңның 9-ба­бына сәйкес сау­да үстемесінің мөл­шері өнді­ру­шінің сату бағасынан немесе кө­терме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15%-дан аспайтын деңгейге белгіленген. Соған қарамай жекелеген жеткізушілер белгіленген нормаларды еле­мейді. Мысалы, жеткізуші 300 теңге бағамен түрлі сортты күріш сатып алып, оны 450 теңгеге сатады. Сауда үстемесі 50%-ды құрайды, ал рұқсат етілгені – 15%. Нәтижесінде, қарапайым сатып алушы зардап шегеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 40-тан аса осындай бұзушылық анықталып, 1 млн теңгеден аса сомаға айыппұл салынған. Ал осы жылдың басынан бастап сауда департаментіне әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін 6 материал жіберілген.

Бұған қоса әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату барысында өнімсіз делдалдықтың 8 фактісі анықталған. Жеткізушілер өнімді сатудың әр кезеңінде өзіне пайда түсіру үшін бір­неше делдал қатысатын схема жасап, нәтижесінде түпкілікті тұтынушы ­тауарды жоғары бағамен сатып алу­ға мәж­бүр болған. Осы делдалдық схема­­­ларды алып тастау арқылы жеке өнім­нің құнын 40%-ға дейін тө­мен­детуге мүмкіндік туған.

Қазір салықтан жалтару үшін көптеген компания жал­ған келісім­шарт­тар, көпдең­гей­лі жалған тран­зак­­­циялар жасап, біркүндік ком­па­ния­­­ларды қол­данудың күрделі схемасын жа­сай­ды. Тергеп-тексеру қызметі осын­дай бұзушылықтарды құрық­тай білуі керек.

«Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алдында қазір бірқатар басым міндет тұр. Оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және алдын алуға бағыт­талған міндеттер – басты орында. Біздің негізгі бағыттар – бюд­­жет қаражатын ұрлаудың, алаяқ­­тық­тың алдын алудың, салық төлеу­ден жалтарудың, қылмыстық жол­мен алынған ақшаны заңдас­тыру­дың, қаржы пирамидаларын ұйым­дас­тыру және заңсыз ойын бизнесін әшкерелеу», деді Ж.Жәмәлиев.

Осы мақсаттарды іске асы­ру үшін департамент кәсіп­орын­дардың қызметін қашықтан талдауға арналған за­манауи аналитикалық құ­рал­дарды пайдаланады. Бұл кәсіп­орындардың кәсіпкерлік қыз­метіне аралас­пай тәуекелдерді анықтауға және қыл­мыстық қудалау орбитасына парасатты кәсіпкерлерді ара­лас­тырмауға мүмкіндік береді.

Алдын алу жұмыстары аясында департамент қаржылық пирамидаларды, онлайн казино немесе заңсыз криптовалюта жарнамалары бар заңсыз контенттерді бұғаттау бойынша да жұмыс жүргізіп жатыр. 2024 жылы «Кибернадзор» жүйесінде құмар ойындар бойынша 796 жарияланым (онлайн-казино жарнамасы – 753 сілтеме, онлайн-казино қызметі – 43 сілтеме) және қаржы пирамидасының белгілері бар 112 сайт сілтемесі бұғатталды. Жалпы саны 5 мың адамнан асатын қаржы пирамидалары мен құмар ойындары­ның белгілері бар 7 әлеуметтік желідегі аккаунт­ анықталды. Осы жылдың басынан бастап базаға заңсыз контентпен 450-ге жуық сілтеме енгізілген.

Қабылданған шаралар белгі­ленген арналардың мақсатты ауди­ториясы болып саналатын облыс тұрғындарын салымдар арқылы пирамидалардың қыз­метіне тартудан қорғауға мүм­­кіндік берді. Алдын алу жұ­­мысы қылмыстық құқық бұзу­­шы­лықтарды ерте сатыда анық­тап, қауіптен сақтандырып келеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы