• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Наурыз, 2025

Қар еруіне байланысты автожолдар жабылды

90 рет
көрсетілді

Бұл туралы ақпарат таратқан «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жолдардағы жағдай – еріген қар суына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz. 

Бүгінгі сағат 08:00 бойынша 3 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы: 

«Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы: 

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы: 

«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 арнайы техника және 65 маман жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар