Спорт 28 Наурыз, 2025

Астананың 7 жастағы тұрғыны әлем чемпионы атанды

108 рет
көрсетілді

Астаналық 7 жасар шахматшы Қайрат Абдул-Мәлік әлем чемпионатында 7 жасқа дейінгілер санатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сербияның Врнячка-Баня қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында  Қайрат барлық қарсыласын айқын жеңді. Және 7 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атағын тұңғыш болып иеленді. Бұған дейін еліміздің шахматшылары 7 жас санатында әлем чемпионатында топ жарған емес.

Қайрат өзге бәсекелестерінен бөлек басты қарсыласы саналған үндістандық Ом Еш Готтумукалудан да басым түсіп, финалдық турға дейін-ақ әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Әлем чемпионаты бүгін аяқталады. Жеті жас санатында біздің өрендеріміз сайысқа түсіп, жаһандық доданың алтын медалінен үміткер атанып отыр.