Бұл туралы ОКҚ алаңында ІІМ қарасты Көші-қон комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спикердің айтуынша, соңғы жылдары елге келуші шетелдіктердің саны артқан. Осы күндері 87 мемлекеттің азаматтары елімізге визасыз кіре алады. 109 мемлекеттің азаматтары электрондық визаны рәсімдей алады.
«Былтыр елімізге 15 млн-нан астам шетелдік кіріп-шықты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 млн-ға артық. Биыл Қазақстанға 2 млн 800 мың шетелдіктің кіруі белгіленді», деді А.Аталықов.