Спорт 31 Наурыз, 2025

Гимнаст Зейнолла Ыдырысов халықаралық турнирде «алтын» жеңіп алды

112 рет
көрсетілді

Спорттық гимнастикадан Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда сәтті өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Германияның Штутгарт қаласында өткен халықаралық турнирде ол 14,066 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз әлемдік доданың ең биік тұғырынан көрініп, алтын медальді қанжығалады. 

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, осы сында екінші орынды италиялық Эдоардо Де Россо (13,966) иеленсе, үшінші орын жапониялық Рёсуке Доиге (13,766) бұйырған.