Ғалам ғажаптары 01 Сәуір, 2025

Астрономның айласы

36 рет
көрсетілді

«Бүгін таңғы 9:47-де Ай мен Юпитер Жермен тура бір сызыққа тізіледі. Осы сәтте Жер­дің тартылыс күші аза­йып, секірсеңіз ауа­да аз уақыт қалықтап тұрасыз».

1976 жылы, дәл 1 сәуір күні, аты мәшһүр астроном Патрик Мур радиоадан осындай хабар таратады. Сол сәтте мыңдаған тыңдарман радиоқабылдағыштың жанына жиналып, уақыт дәл 9:47 болғанда секіріп көрген. Кейбірі қуанып, радиоға: «Шынымен жеңілдеп қалдық, ауада біраз тұрдық!» деп хабарласады. Жұрт бұны ресми ғылыми мәлімдеме деп ұққан. Ал шын мәнінде ол астрономның қалжыңы еді.