2004 жылы «Google»: «Біз «Gmail» деп аталатын жаңа электронды пошта қызметін іске қостық», деп мәлімдейді. Көпшілік бұны 1 сәуірдегі өтіріктердің бірі деп қабылдап, сенбеген.
Ол кездері 1 ГБ жад ұсынатын пошта – ертегіге ұқсас әңгіме. Сондықтан адамдар компания мәлімдемесіне күмән келтірген. Алайда расында да 1 сәуір күні «Google» «Gmail» электронды поштасының ресми таныстырылымын өткізген.