• RUB:
    6.03
  • USD:
    518.31
  • EUR:
    567.96
Басты сайтқа өту
Бокс 01 Сәуір, 2025

Қазақ боксшысы ширек финалға жолдама алды

125 рет
көрсетілді

Бразилияда өтіп жатқан бокстан World Boxing аясында әлем кубогінің бірінші кезеңін Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы жекпе-жегінде отандасымыз Н.Алтынбек бразилиялық Михаэль Тринидадты қапы қалдырып, ширек финалға жолдама алды.

Бокс бәсекесінде еліміздің ерлер құрамасынан тағы 7 боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында Нұрзат Оңғаров (50 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Алмат Әбдуәлі (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) бар.