• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Тағзым 01 Сәуір, 2025

2025 жыл - Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы

227 рет
көрсетілді

ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы осы жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай Қазақстан мен түркі елдерінде концерттер, ғылыми конференциялар және басқа да мәдени шаралар өтеді. Мерейтой ЮНЕСКО деңгейінде де атап өтіледі.

Еске салайық, 2025 жылдың 1 сәуірінде қазақтың біртуар композиторы, күйші, дирижер, халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толып отыр.

Ол Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Күй-әндерінен бөлек Нұрғиса Тілендиев 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазған.

Нұрғиса Атабайұлы әртүрлі жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Қазақфильм киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы, 1981 жылдан Отырар сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.