• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Сәуір, 2025

Былтыр 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операция жасалған

73 рет
көрсетілді

Жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте хирургиялық ем алады, деп жазады Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл нәрестелердің өмір сүруін 88%-дан 93%-ға дейін арттырып, өлімді 15%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.Мәселен, 2024 жылы балаларға 2 474 кардиохирургиялық ота жасалған, оның 317-сі жаңа туған нәрестелер. Ретинопатиясы бар шала туған нәрестелерге 400-ден астам ретиналдық лазерлік коагуляция операция жасалған, емдеу тиімділігі 99 пайызға жеткен.