• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2025

Атыраудың Индер ауданында 30 км бөгет соғылды

84 рет
көрсетілді

Бұл туралы Индер ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Ризабек Ибраемов мәлімдеген екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы Индер ауданы бойынша 30 км бөгет соғылды, қазір 11 эвакуациялық пункт дайын тұр. Аймақ тұрғындарына су тасқыны қаупіне байланысты үй жануарларын қауіпсіз аймаққа шығару туралы ескерту берілді», деді Р.Ибраемов.

Сонымен қатар Индербор кенті әкімінің Шалқар Альмурзиевтің айтуынша, өткен жылы Индербор кентіндегі су деңгейі 10 метр 41 см-ге дейін көтерілген. Биыл алдын алу жұмыстары нәтижесінде бөгет қосымша 1,5 метрге биіктетіліп отыр.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінде Ынтымақ, Көктоғай, Бөдене, Жарсуат ауылдарындағы бөгеттерді күшейту жоспары толығымен аяқталды. Қазір Өрлік ауылында бұл жұмыстар 97%-ға орындалып, 2 техника, Есбол ауылында бөгетті нығайту 85%-ға аяқталып, 3 техника, Құрылыс ауылында бөгетті көтеру 65%-ға орындалып, 13 техника, ал жыраны бітеу жұмыстары бойынша 5 техника жұмыс істеп жатыр.