Тағайындау 01 Сәуір, 2025

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі тағайындалды

87 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саян Жақсыгелдіұлы өз қызметі шеңберінде еліміздегі футбол және футбол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Бурабайда өткен IV Құрылтайда Мемлекет басшысы дәл осы бағыттарға ерекше назар аударған еді.

Саян Хамитжанов – футбол саласында тәжірибесі мол маман. Ол Қазақстан футбол федерациясында және «Астана» футбол клубында басшылық қызмет атқарған.