Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Адамзатқа орасан нәубет төндірген сұрапыл соғыстың жеңісі жыл сайын тойланады. Биылғы мерейтойға орай қандай спорттық сайыстар өтеді? Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин 200-ден астам дода өтетінін жеткізді.

Атап айтқанда елімізде Жеңістің 80 жылдығына орай халықаралық –5, республикалық – 22, облыстық –83, қалалық 49 жарыс ұйымдастырылады. Бұдан сырт аудандық 46 сайыс өткізілмек. Аталған сайысқа ұзын-ырғасы 32 мыңнан астам спортшы қатыспақ.
Спорттық тартысты ұйымдастырудағы мақсат – ардагерлердің соғыста көрсеткен ерлігі-бүгінгі және болашақ ұрпаққа насихаттау.
«Бұл мереке біздің біздің жадымызда мәңгі сақталады. Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлеріне танытқан ерліктері үшін қашанда қарыздармыз», дейді Р.Есеналин.
9 мамыр күні Түркістан қаласында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты ұранымен баскетболдан 2009-2010 жылы туған ұлдар және қыздар арасында қазақ жазушысы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХX Халықаралық турнир өтеді.
Жетісай ауданында Жеңіс күні мерекесіне орай бокстан жасөспірімдер арасында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Социалистік еңбек ері Шаблан Ділдабековты еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын желбіретеді.
Ақтөбе облысында дзюдо күресінен ересектер арасында Ә.Молдағұлова атындағы «Alya Open» ашық республикалық турнирге шетелден спортшылар шақырылмақ.
Қызылордада грек рим күресінен Кеңес одағының батыры Т.Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир 17-20 сәуір аралығында ұйымдастырылмақ.
Батыс Қазақстан облысында каратеден (WKF) Кеңес одағының батыры М.Мәметованы еске алуға арналған дәстүрлі «AKZHAYK OPEN» халықаралық турнирі 18 мамырда басталады.