Елорда 02 Сәуір, 2025

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

59 рет
көрсетілді

Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында Еңбек мобильдігі орталығы және басқа да серіктестермен бірлесіп, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара 2025 жылғы 4 сәуір күні сағат 15:00-де «Abu Dhabi Plaza» бизнес-орталығында (Сығанақ көшесі, 60/5) өтеді.

Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір алаңда тоғыстырып, өзекті бос орындар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар түрлі салалар бойынша тікелей жұмыс берушілермен сұхбаттасып, еңбек нарығындағы соңғы үрдістермен таныса алады.