Ресей ғалымдары Сібірдің мәңгі тоң қабатынан табылған, шамамен екі мың жыл бұрынғы өсімдік дәнін зертхана жағдайында өсіріп, қайта гүлдеткен.

Қазба жұмыстары кезінде табылған дән сол дәуірде қатып қалған күйі аман сақталған. Ғалымдар оның тіршілік қуатын жоғалтпағанын көріп, арнайы күтіммен сирек кездесетін қызғалдақ тектес өсімдікке айналдырып шығарған. Бұл – әлем бойынша гүл ашқан ең көне тірі өсімдік.