Спорт 03 Сәуір, 2025

Жарыс күнделігі: Бокс­

111 рет
көрсетілді

Сенбі күні Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінің толық карды белгілі болды. Басты жекпе-жекте WBO мен IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) франциялық Ануаэл Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) айқасады. Өзге бәсекелер Сұлтан Зәуірбек (19-0, 13 KO) пен Азинга Фузиле (18-2, 12 KO), Батыр Жүкембаев (23-1, 17 KO) пен Кейн Гарднер (17-4, 7 KO), Баходир Жалолов (14-0, 14 KO) пен Игорь Шевадзуцкий (12-2, 10 KO), Отабек Холматов (12-1, 11 KO) пен Джейсон Кано Манигос (30-12-2, 20 KO), Балауса Мұздиман (6-0, 5 KO) мен Мария Тереза Пинили (7-1, 2 KO), Махмұд Сабырхан (дебют) пен Николас Тордекилья (2-0, 2 KO), Төрехан Сабырхан (дебют) мен Йири Хауке (4-6, 2 KO), Әлішер Әбдуләлим (3-0, 2 KO) мен Ашиш Чаудхари (3-0, 0 KO), Ақниет Әлімбай (2-0, 1 KO) мен Йозеф Дубски (1-0, 1 KO) сынды былғары қолғап шеберлері арасында өтеді.

Қытайда туып-өскен қандасымыз Тайлақ Нұражыұлы (11-1) мамыр айының аяғында Шанхайда аралас жекпе-жектен өтетін Road To UFC турниріне қатысады, аустралиялық Дэвид Мартинеспен (15-6) күш сынасады. Егер Тайлақ осы бәсекеде жеңіске жетсе әлемдегі ең белді промоушен – UFC-дің қатарына қабылданады. Айта кетерлік жайт, қазақ файтері өзінің 11 жеңісінің 10-ын нокаутпен аяқтаған. Футболдан еліміздің ұлттық құра­масы 6 маусымда Минскіде Бела­руське қарсы жолдастық кездесу өткізуді жос­парлап отыр. Қазіргі кезде ФИФА рей­тингінде жерлестеріміз 110-сатыға жай­ғасса, қарсылас команда 98 орында тұр.