• RUB:
    6.06
  • USD:
    515.18
  • EUR:
    570.66
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 03 Сәуір, 2025

Табиғи аумақтардың тынысы ашылады

103 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман тәлімбақтарын құру, өрт сөндіру техникасын жаңарту, жануарларды жерсіндіру, экологияны қорғау жөнінде жос­парлы жұмыстар жүргізіп жатыр.

Экология және табиғи ресурс­тар министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, бүгінде елі­міз көлемінде материалдық-тех­никалық жабдықтар барынша жаңартылып, бірқатар орман өртін сөндіру техникасы сатып алынды. Өртті ерте анықтау жүйелері енгізілді. Жаңа орман тәлімбақтары құрылды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тар кеңейтіліп жатыр. Қалдық­тарды кәдеге жарату жобалары жүзеге асырылады. Сирек кезде­сетін жануарлар – жолбарыстар, құландар, Пржевальский жылқы­лары табиғатқа қайта жіберіледі.

Ормандарды қорғауды күшейту, материалдық-техни­калық базаны жаңартуға рес­публикалық бюджеттен өртке қарсы, орман өртін сөндіру техникасын сатып алуға 5,4 млрд теңге бағытталды, жергілікті құрылымдардан 6,7 млрд теңге бөлінді. Орман өрттерін тиімді сөндіруге бейімделген тракторлар, арнайы техника, жабдықтар сатып алынды.

Орман өрттерін ерте анық­тау жүйесі «Қазақтелекоммен» бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. «Жасыл аймақ», «Семей орманы» сияқты 24 орман шаруашылығы аумақтарын зерттеу жұмыстары басталды.

6 өңірде жаңа орман тәлім­бақ­тарын құру жұмыстары жүргізі­летін болады. Жалпы бюджет 21,2 млрд теңгені құрайды, әрбір тәлім­баққа 3,5 млрд теңгеден қарал­ған. Оның қуаты – 6 млн көшет. Құрылыс 2025 жылы басталады. Биоалуантүрлілікті сақтау тұжы­рымдамасы әзірленеді.

Жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – «Мерке» өңірлік паркі (86 мың га), «Арал» (471 мың га), «Жайық орманы» (46,9 мың га) резерваттары құрылады. Үстірт, Қаратау, Іле-Балқаш аумақтарын 648 мың гектарға кеңейту жос­парланып отыр. 6 ЕҚТА-да бақылау өткізу пунктерін автоматтандыру, электрондық төлем жүйесі енгі­зіледі. Орманшыларға арналған білім беру орталығы ашылады.

2024 жылдан Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырылып келеді. Эколо­гиялық қозғалысқа 6 млн адам, оның ішінде 230 мың ерік­ті қатысты. 1,1 млн тонна қоқыс жиналып, 1,6 млн ағаш отыр­ғы­зылды. Экомәдениет­ті дамыту­дың 2029 жылға дейін­гі Тұжы­рым­дамасы бекітілді, өңірлік жоспарлар мақұлданды. Экологиялық бастамалар қоғам тарапынан белсенді қолдауға ие болып отыр.

2021 жылдан бастап 1,145 млрд ағаш егілді. Енді 2 млрд түп ағаш отырғызылады. Сондай-ақ Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру жұмыстары жүр­гізіледі, мұнда 1,1 млн гектар­ға сексеуіл отырғызу жоспарланған.

Қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу мақ­сатында 238 млрд теңгеге 94 жо­бадан тұратын пул қалып­тас­тырылды. Заманауи полигондар салу, қайта өңдеуді дамыту, қал­дықтарды бөлек жинауды енгізу негізгі бағыттар саналады. Сирек кездесетін жануарларды табиғатқа қайта жіберу жұмыстары жалғасады, оларды жерсіндіру бағдарламалары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар