Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Мысырда өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыз турнир аясында италиялық Андреа Фиорентиниден басым түскен.
Екі сетке созылған бәсекеде 6:2, 6:3 есебі тіркеліп, жеңіс Әмір Омархановтың еншісіне жазылды.
Енді ол 1/8 финалда украиналық Вадим Урсуға қарсы бақ сынайды.