• RUB:
    6.06
  • USD:
    520.48
  • EUR:
    574.61
Басты сайтқа өту
Президент 03 Сәуір, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Самарқанд қаласында Еуропалық Кеңес Президентімен кездесуі өтті

172 рет
көрсетілді

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына келген Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың баспасөз қызметінің жазуынша, Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы: шетелден тартылған тікелей инвестицияның 40%-дан астамы ЕО-ға тиесілі; 2024 жылы Қазақстан мен Еуропа Одағына мүше елдердің тауар айналымы 50 млрд долларға жуықтаған (ЕО мен ОА арасындағы сауда көлемінің 80%-ы).

«Президенттер: экономиканың түрлі секторларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды; өзара сенімге, стратегиялық мүддеге және ұзақмерзімді перспективаға негізделген Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасындағы серіктестікті қарқынды дамытудың маңызын атады», делінген хабарламада.