• RUB:
    6.3
  • USD:
    516.91
  • EUR:
    586.33
Басты сайтқа өту
Экология 04 Сәуір, 2025

Республикалық автожолдардан 700 мың тонна қоқыс жиналған

45 рет
көрсетілді

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдардың жиегінен, жол бойындағы белдеулерден, демалыс алаңдары мен автопавильондардан қоқыстарды тазалау қарқынды жүргізіледі. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ қызметкерлері былтыр жол бойынан 700 мың тонна қоқыс жинаған, деп жазады Egemen.kz.

Жолшылар тәулігіне шамамен 2 500 тонна қоқыс жинаған. Тазартылған аумақтың жалпы ауданы шамамен 400 миллион шаршы метрге жеткен.Бұл ауқымды шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін, жүргізушілер мен жолаушылардың қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

«Әр автокөліктен тасталған немесе жол бойына қалдырылған заттар жол қызметіне қосымша жүктеме түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіретінін ескерген жөн. Біз қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы жолдардың тазалығы мен тәртібін сақтауға үлес қосамыз. Қоқысты тастамауға және табиғатты аялауға шақырамыз», делінген «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ хабарламасында.