Филадельфия қаласының тұрғыны Крис Киарс 16 жасында жол апатына түсіп, иіс, дәм сезу қабілетінен айырылып қалған. Соған қарамастан ол аспаз болу арманынан бас тартпаған.
Крис АҚШ-тағы ең беделді мейрамханалар – «French Laundry» мен «Alinea»-да жұмыс істеп, тәжірибе жинаған. Бүгінде Крис өз мейрамханасын ашқан табысты кәсіби аспаз. Ол иіс, дәм сезбесе де тағамның үйлесімін түсіне, дыбысына қарап түйсігімен біледі екен.