Әлем 07 Сәуір, 2025

Трамптың 5 млн долларлық алтын картасы таныстырылды

41 рет
көрсетілді

АҚШ президенті  Дональд Трамп Құрама Штаттар экономикасына үлес қосқан шетел азаматтарына сатылатын жаңа алтын картаны таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құны 5 миллион долларды құрайтын бұл карта шетелдіктерге АҚШ-қа инвестиция салу арқылы азаматтық алу мүмкіндігін береді. Карта EB-5 визасын алмастырып, оны алғандар АҚШ азаматтығын алуға үміттене алады.

Трамп Air Force One ұшағында журналистерге бұл картаның ауқатты инвесторлар үшін үлкен мүмкіндік екенін айтып, оның сатуынан түскен қаражат АҚШ-тың мемлекеттік борышын жабуға жұмсалатынын атап өтті. Наурыз айында АҚШ сауда министрі Говард Лютник бір күнде 1 мың картаның сатылғанын мәлімдеді.

Президент өз жоспарын одан әрі жалғастырып, 1 миллион картаны сатуды көздеп отыр. Бұл жоба экономикаға жаңа инвестициялар тартуға және АҚШ-тың қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған.

Жаңа картаның саяси және экономикалық әсері қалай болатынын уақыт көрсетеді.