Атырауда түнгі мезгілде бірнеше бұзақы ер адамды аяусыз соққыға жыққан. Зардап шеккен жігіт ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысы бар құқық бұзушылардың ұсталғанын хабарлады. «Құқық бұзушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз дерегіне қарағанда, 5 сәуірде түнгі сағат 02:58-де жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен.
«Атырау қаласының С.Сауырғалиев көшесіндегі тұрғын үйдің алдында болған оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің бригадасы жіберілді. Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері 1984 жылғы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ол дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде науқастың жалпы жағдайы – орташа тұрақты», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.