• RUB:
    6.06
  • USD:
    520.48
  • EUR:
    574.61
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Сәуір, 2025

Доллар қымбаттады

90 рет
көрсетілді

Бүгін күндізгі сағат 13.30-дағы жағдай бойынша Астананың айырбастау орындарында доллар 520 теңгеден сатылып жатыр. Ал сатып алу бағасы 525 теңге, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы доллардың  сату бағасы да осындай.

Үшінші мегаполис - Шымкентте доллар 520-525 теңгеден сатылып жатыр. Ұлттық банк доллар бағамына қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Бірақ бірер күнде шұғыл түрде базалық мөлшерлемеге өзгеріс енетіні айтылып жатыр. 

Alpari сарапшысы Анна Бодрова атап өткендей, теңге бағамының долларға шаққандағы төмендеуі қазақстандық нарықтың «сыртқы дауылды ескермеуімен» түсіндіріледі. «Бұл биржалық контурдан тыс болып жатқан жағдайлардың салдары: әлемнің барлық маңызды биржалары мен шикізат бағалары құлдырады»,  деп түсіндірді сарапшы.

«Теңге Қазақстан Ұлттық банкінің бюджеттік трансферттер мәселесіндегі жұмысын тірек ретінде пайдалана алады. Алайда сыртқы аяның қысымы өсетін болады. Жаһандық инвесторлар Ақ үй мен Дональд Трамптың тарифтік соғыстары тудырған жалпы тәуекелден жалтаруда», деп есептейді сарапшы.

Шикізат нарығында да жағдай жақсы емес. Лондонның ICE биржасында Brent мұнайының маусымдық фьючерстерінің құны 2,89% - Астана уақыты бойынша 11: 00-дегі жағдай бойынша барреліне 63,75 долларға  дейін төмендеді. 7 сәуірге қараған түні фьючерстердің құны ең аз дегенде барреліне 63,01 долларға  дейін жетті. Brent маркалы мұнай 2021 жылғы 14 сәуірден бастап алғаш рет барреліне $64 белгісінен төмен сатылады. АҚШ президенті Дональд Трамп импорттық баж салығын енгізуді жариялағаннан бастап, мұнай баррелінің бағасы абсолюттік мәнде $11-дан асып түсті.

Сарапшылар мұнай бағасы үш ай бойы барреліне $65 шамасында болса, онда теңге бағамы одан да төмендеуі мүмкін екенін айтып жатыр.

ҚР бюджеті барреліне 475 және 470 теңге бағамы есебінен құралған [$1]. Тиісінше, «бөшкенің» теңгелік бағасы - 35 250 теңге. Егер 65 доллар ұзақ деңгейде сақталатын болса  теңгелік баға бойынша теңгелік бағам – 542 болуы мүмкін.