АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетінің ғалымдары Солтүстік Америка материгінің жер тақтасы мантияға қарай баяу жақындап бара жатқанын анықтады. Бұл туралы Nature Geoscience ғылыми журналы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мантияның жоғарғы қабатында балқыған жыныстар бірігіп, тығыздалып, ақырындап төмен қарай түсе береді. Осы үдеріс нәтижесінде литосфера жұқара бастайды. Ғалымдар бұл құбылыстың негізінен Солтүстік Американың орталық өңірінде байқалып жатқанын айтады.
Бірақ зерттеушілер алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Себебі бұл өте баяу жүретін құбылыс және болашақта толығымен тоқтауы мүмкін.
Бұл жаңалық Жердің даму тарихын тереңірек түсінуге жол ашады. Континенттердің қалай пайда болып, қалай ыдырайтынын зерделеуде үлкен мәнге ие. Зерттеудің жетекші авторы, Қытайдың Ғылым және технологиялар университетінің өкілі Цзюньлинь Хуа сейсмикалық толқындарды толық қамтитын томографиялық модель жасап шығарған. Бұл әдіс зерттеуге қатысқан тағы бір ғалым Стивен Грандтың үлесімен жүзеге асқан.