• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2015

Сағынышқа қолыңды бер, Қостанай!»

711 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметінің қаулы­сымен Қостанай қаласындағы №9 қазақ орта мектебіне көр­нек­ті ақын, жазушы Ғафу Қайыр­бековтің есімі берілді. Қостанай қаласында басты көшелердің бірі де қазақ поэзиясының дүл­дүлі есімімен аталады. Ғафу ақын: «Қайда жүрсем, сені есім­нен тастамай, Өтіп кетті жақсы жыл мен жас талай. Менің атым сағыныш боп өзгерді, Сағынышқа қолыңды бер, Қостанай!» деп жырлаған туған жерінде көше мен мектеп тұтас ансамбль құрып тұрғанын жұрты қалаған еді. Біраз күттірген жылдардан кейін ақын жырларына тәнті халқының тілеуі орындалды. – Туған жері азаматын, ақы­нын сыйлап, білім ошағына Ғафекеңнің атын бергеніне ризамын. Мектеп оқушылары атасының атына кір келтірмей, білімді азамат болсын, – деді ақынның жары Бәдеш Хамзина. Салтанатты іс-шарада Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қалиев, ақындар А.Шаяхмет, С.Оспанов, Н.Мұқатов, жазушы-сатирик Ғ.Ахметчин, тіл жанашыры Қ.Орманов, Жан­гелдин ауданы әкімінің экономика жөніндегі орынбасары Д.Серікұлы, №9 орта мектеп дирек­торы Ә.Молдахалықов және облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері қаты­сып, жылы лебіздерін білдірді. Осы шараға орай ақынға арнал­ған әдеби кеш өтті. Мек­тепте Бәдеш апайдың бастамасымен және оның ізденуімен, көмегімен Ғафудың музейі жа­сақ­талған еді. Кешке қатысу­шы­лар осы музейді аралап көрді, білім ошағының өнерлі балала­ры қойған концертті тамашалады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.