Қала тұрғындары әр бейсенбі сайын бір адамдай белсенділік танытып, қаланы тазартуға ат салысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көгеріп көктем келгеннен кейін қыс бойы қар астында жатқан қоқысты тазалап, қала көшелерін мұнтаздай етіп қойды. Қала ішін абаттандыруға бюджеттен қаражат бөлінген. Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Сабыровтың айтуына қарағанда, қыруар шаруа атқарылыпты.
«Таяуда сенбілік ұйымдастырылған болатын. Арада апта өтісімен игі іс тағы жалғасып, жүзден астам адам ортақ шаруаға қатысты. Нәтижесінде шамамен 5 тоннадай қоқыс шығарылды. Алдағы уақытта көшет отырғызып, гүл егуді жоспарлап отырмыз», дейді қала әкімінің орынбасары.
Акция апта сайын тұрақты өткізілмек. Қала тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында төңіректің бәрі абаттандырылып, көз сүйсінтердей көркейіп тұрса, екінші жағынан жас ұрпақты тазалыққа тәрбиелеуде септігі мол. Осы бастан өз қалаларын перзенті ретінде сүйіп, қамқорлық жасауды қапысыз меңгерсе, бір ғанибет емес пе?