• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2015

Ақтауда өзге ұлттар арасында қазақ өнерінен сайыс өтті

750 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 11 ақпан. Ақтауда өзге ұлт өкілдері арасында қазақ өнерінен сайыс өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ассамблеяның 20 жылдығы аясында өткен өнер байқауы «Менің Қазақстаным» деп аталды. Татар, беларусь, украин, орыс және өзге де ұлт өкілдері қазақ сазгерлерінің ән-күйлерін орындап, ұлттық аспапта ойнау шеберліктерін сынға салды. Қазақтың ұлттық киімін киіп, қазақ биін биледі. Қатысушылар Абайдың «Көзімнің қарасы», Н.Тілендиевтің «Сағынар жүрек», Ш.Сариевтің сөзіне жазылған Б.Оралұлының «Бозжорға», А.Мақалай мен А.Асылбековтің сөзіне жазылған Р.Гайсиннің әні «Туған жер», О.Әубәкіровтің сөзіне жазылған Ә.Бейсеуовтің әні «Мұңайма» және М.Жагорқызының «Дудар-ай» әндері мен М.Өскінбаевтың, О.Дүйсеновтің күйлерін орындады. Хор, вокал, соло, ұлттық аспапта ойнау номинациялары бойынша анықталған жеңімпаздар аранйы сыйлықтармен марапатталды. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz.