Заманауи техника азаматтық қорғау жүйесін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде облыстық бюджет қаражатына сатып алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.
– Соңғы төрт жылда сіздердің қызметтеріңізді қаржыландыру екі жарым еседен астам өсті. Осы кезеңде 44 арнайы техника сатып алынды. Біз жаңа өрт сөндіру бөлімдерін салып, хабарлау жүйесін жаңғыртып, орталық өрт сөндіру станцияларының желісін кеңейтіп жатырмыз. Қазір олардың саны 57, ал 2027 жылға қарай 90-ға жақындайды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Жаңа машиналар облыстың барлық аудандарына таратылды. Төтенше жағдайлар министрі техникаға ұқыпты қарауға шақырды.– Автомобильдерді тапсыру жақсы дәстүрге айналып келеді. Екі апта бұрын біз әскери қызметшілерге жаңа машиналардың кілтін тапсырдық. Қазір әскерилер олардың игілігін көріп жатыр. Бұл сіздер үшін жақсы көмек, – деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.
Қарағанды облысы