Оқиға 14 Сәуір, 2025

Приречный ауылындағы жағдай бақылауға алынды

0 рет
көрсетілді

Жаңасемей ауданына қарасты Приречный ауылының аумағында күнбағыс қабығының жануынан аумақты түтін басқан.

Оқиға орнында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, қазіргі таңда тілсіз жаудың таралуын тоқтату бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Күнбағыс қабығы жануынан болған өрт, желдің қатты соғу әсерінен қалың түтінге ұласты. Сол маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», деді облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, ЖАО, ЖШС және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің 111-ден астам адам мен 33 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазір өрт болған аумақта ТЖМ АМО қызметтері мен ТЖД психологтары жұмыс істеп жатыр. Абай облысының ТЖД жедел желі де ашылды.

Сондай-ақ, қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар мәдениет үйіне уақытша орналасып, жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен ыстық аспен қамтамасыз етілді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, өрт толықтай оқшауланды.