Фудзиде (Жапония) пара жүзуден жарыс өтіп, оған 24 елден 250-ге жуық спортшы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның пара спортшылары Нұрдәулет Жұмағали (100 м брасс), Ержан Сәлімгереев (50 м.баттерфляй), Зульфия Ғабидуллина (150 м кешенді жүзу) қола медаль жеңіп алды.
Пара жүзуден бас жаттықтырушы Айдар Картпаевтың айтуынша, әлемдік серия рейтингттік жарыс болып келеді.
«Үш спортшымыз жүлделі болды. Ұлттық құрама сапында 10 спортшы қатысса, оның ішінде жас спортшыларымыз да жеке көрсеткіштерін жаңартты. Бұл спортшыларымызға халықаралық жарыстарда үздіктер қатарында көрінуге жаңа серпін беретініне сенеміз», деді ол.
Айта кетсек, әлемдік серия осы айдың 7-12 күндері аралығында өтті.