Бокс 15 Сәуір, 2025

Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласының есімін атады

0 рет
көрсетілді

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Х желісінде келесі қарсыласын анықтап, оған ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортшы үшінші атақты алуы қажет екенін мәлім етті.

«Дәл қазір маған үшінші белбеуді әкелетін жекпе-жектен басқасы қызық емес. Карлос Адамес, мен менеджеріме тек сенімен жекпе-жекке шыққым келетінін айттым! Енді сенің кезегің. Командаңмен сөйлесіп, осы жекпе-жекті өткізейік - ешқандай сылтау, уақыт созу болмасын. Жанкүйерлерге өз қалағанын берейік!», деп жазды Әлімханұлы.

Осылайша ол орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің қазіргі иегері – доминикандық Карлос Адамесқа ұсыныс тастады.