• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет 15 Сәуір, 2025

ЖИ жасаған мультфильм көрерменге жол тартты

«Turkistan» телеарнасы жасанды интеллект арқылы дайындаған алғашқы анимациялық туынды «Түркістан сақшылары» деп аталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Идея авторы – телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы. Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жетік меңгерген маман мультфильмнің бірінші сериясын 7 күнде жасап шыққан. Бірінші серияға бар болғаны 70 мың теңге қаржы жұмсалған. Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға – 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған. Сондай-ақ ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциялық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты.

Фильм кейіпкерлері – Ақпантер жылдам әрі батыл барыс, Алтынқанат – бәрін байқағыш бүркіт, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа. Туынды сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейтін мифологиялық кейіпкерлердің әрекеттерінен құралған.

Соңғы жаңалықтар