• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2015

Атырауда танысын өлтіруші 15 жыл жазаға кесілді

305 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 12 ақпан. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының өз танысын қатігездікпен өлтірушіні 15 жылға соттауға шығарған үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін, яғни, былтырғы 12 желтоқсанда бірінші сатыдағы соттың шығарған үкімімен өзінің танысын аса қатігездікпен өлтіруші қылмыстық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Сотталушының   түрмеде отыру мерзімін қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген болатын. «Кеше, яғни, 11 ақпанда бұл іс Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы М.Ерғазиевтың төрағалығымен өткен ашық сот отырысында қаралды. Сот отырысында Қылмыстық Кодекстің 96-бабы, 2-бөлігінің «д» тармақшасымен (Аса қатігездікпен кісі өлтіру) сотталушы мен оның қорғаушысының және жәбірленуші жақ өкілінің Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты шығарған үкімге қатысты апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз, ал бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев. Апелляциялық сот қаулысы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Сурет: Рахым Қойлыбаев.