• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2015

Алматыда ұшақ тонаушылар ұсталды

255 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 ақпан. Алматы қаласындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы әуежайында ұрлық жасаған шетелдік екі транзиттік жолаушыны қолға түсірді. Бұл туралы nur.kz хабарлады. Олар ұшақ бортында 2 ұялы телефон мен ірі көлемде ақша ұрлаған. Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында желілік полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны шағымданып келеді. Ол Пекин-Алматы бағытындағы рейстің ұшу кезінде әуе кемесінің бортында қол жүгінен 3 мың АҚШ доллары және 3 мың юань мен екі ұялы телефоны ұрланғандығын және оны үйіне келген соң ғана білгенін айтқан. Қолданылған шара барысында Алматы қаласы халықаралық әуежайының транзиттік зонасында әрі қарай Дубай қаласына жету үшін қалған жолаушыларды тексеру кезінде полицейлер «қылмыс жасады» деген күдікпен шетелдік екі транзиттік жолаушыны анықтады. Күдіктілер Сыртқы істер минстрлігі тиісті құжаттарды рәсімдеген соң шекара қызметі арқылы транзиттік аймақтан шығарылды. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрі қарай тексеруі кезінде ақшалай қаражаттар мен ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта Көліктегі ІІД мен Алматы қаласы әуежайының ЖПБ-нің арнайы жедел-тергеу тобы жолаушылардың қол жүгінен ақшалай қаражат ұрлауға қатысты қылмысты ашу және ұсталған азаматтардың ашылмаған басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу амалдары мен жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: nur.kz.