АСТАНА. 12 ақпан. Кеше түнде Испания Кубогының бірінші жартылай финалдық ойындары ойналды. Онда «Барселона» (Барселона) - «Вильярреал» (Вильярреал), «Атлетико» (Бильбао) – «Эспаньол» (Барселона) командалары кездесті. Бұл туралы «Спорт-Р» хабарлады.
Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өткен матчта алаң иелерінің басымдығына ешкім шәк келтіре алмады. Алдымен Лионель Месси 41-минутта есеп ашты. Екінші таймның басында (48-минут) қонақтар Ману Тригеростың голы есебінен таразы басын теңестірді. Арада 1 минут өткеннен кейін барселоналықтар қайтадан алға шықты. Бұл жолы Андреас Иньеста (49-минут) мергендігімен көзге түсті. Ал соңғы нүктені Жерар Пике (64-минут) қойды.
Меймандар 71-минутта есепті қысқартуға мүмкіндік алып еді. Бірақ Неймар пенальтиді тиімді пайдалана алмады.
Бильбаодағы кездесу командалардың ешқайсысына жеңіс әпермеді. Мұнда да алаң иелері бірінші болып гол соқты (Ариц Адурис, 11-минут). Қонақтар 35-минутта Виктор Санчестің голы арқылы тең есепке қол жеткізді.
Қарымта ойындар қарсы командалар алаңдарында 4 наурыз күні ойналады.
Дамир Қожамқұл.
Дерек, фото: Р-Спорт.