• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2015

Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

662 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 ақпан. Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, қар жауып, жел тұрады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Павлодар облысында да дәл осындай жылдамдықпен жел соғып, бұрқасын болады. Сондай-ақ Ақмола облысында да күндіз осындай жылдамдықпен жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды мен Жамбыл облыстарында да тұман түседі деп болжануда, сондай-ақ қос облыста да көктайғақ болуы ықтимал. Ал Қарағанды облысының кей өңірлерінде боран соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында тұман түседі. Қостанай облысында секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғып, таңертең және түнде тұман болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысының да кей жерлерінде тұман түседі, күндіз боран болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 17-22 мертге жетіп, боран соғады. Айдар Өрісбаев. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: diapazon.kz.