• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2015

Минскідегі келіссөз жүріп жатқанына жарты тәуліктен асты

292 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 ақпан. Минскіде «норманд төрттігі» лидерлерінің келіссөз жүргізіп жатқандарына 12 сағаттан асып кетті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Беларусь астанасындағы Тәуелсіздік сарайында Ресей, Украина, Франция және Германия мемлекеттерінің лидерлері Украинадағы дағдарысты реттеу мәселесі бойынша өзара келіссөз жүргізіп жатыр. Мемлекет басшылары бұл кездесуді кеше кешке Мәскеу уақытымен 20:15 сағатта шағын шеңберде бастады. Арда екі сағат өткеннен кейін олар бірге суретке түсу үшін тысқа шықта да, қайтадан келіссөзді жалғастырды. Келіссөз бірөңкей «норманд форматында» өтіп жатқан жоқ. Лидерлер арасында бірер минутқа сыртқа шығып, телефон арқылы сөйлесіп тұрды. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, келіссөз біткеннен кейін оған қатысушы мемлекеттер басшылары журналистер алдында тек өз мәлімдемелерін жеткізіп қана қоя салатын сияқты. Мұнда олар ешқандай сұрақтарға жауап бермейді. Сәкен Майлыбай. Дерек, фото: РИА «Новости».