• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2015

Жаһандық бастамада Қазақстан үлесі қомақты

336 рет
көрсетілді

Осыдан 40 жыл бұрын Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылған Хельсинкидегі «Финляндия Холл» атты тарихи конгресс сарайында Ядролық терроризммен күрес жөніндегі жаһандық бастаманың (ЯТКЖБ) жалпы отырысы өтті. Ауқымды халықаралық шараға Қазақстанның Финляндиядағы елшісі Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация қатысты. Іс-шараға ЯТКЖБ-ға қатысушы мемлекеттер, бастаманың тең төрағалары (АҚШ, Ресей), бақылаушылар мен бес халықаралық ұйымның 200-ге жуық өкілі қатысты. Қазақстан жаһандық бастаманы ядролық қаруды таратпауды нығайту мен лаңкестік қауіптерге қарсы тұрудың маңызды бөлігі деп есептейді. Біздің мемлекет бұл бастамаға алғашқы мемлекеттердің бірі ретінде қосылды. Террористік ұйымдардың ядролық қаруларға, оның бөлшектеріне, технология­сына және радиоактивті материалдарына қол жеткізу жөніндегі ұмтылыстары барлық адамзат қауымы үшін үлкен қауіп-қатерлер тудыруда, сондықтан да ЯТКЖБ бастамасы өзінің өзектілігін сақтап қалуда. Қазақстан жаппай қырып-жою қару­ларын таратпау және халықаралық лаңкес­тікпен күрес жөніндегі бастамаларға  белсен­ді қатысушы ретінде оның жұмысына зор үлес қосуда. Атап айтқанда, 2007 жылы 11-12 шілде күндері Астанада ЯТКЖБ-ның үшінші кездесуі, ал 2010 жылы қыр­күйекте Ядролық терроризммен күрес жө­ніндегі жаһандық бастаманың тер­роризмді қаржыландыруға қарсы тұру жөніндегі конференциясы өтті. Ядролық терроризммен күрес жө­нін­дегі жаһандық бастаманың жалпы отырысында қатысушы мемлекеттер құры­лымның соңғы екі жылда атқарған жұ­мыс­тарын қорытындылай келе, ЯТКЖБ-ның жаңа мақсаттары мен бастамалық міндет­темелеріне қол жеткізу үшін жан-жақты жәрдем  көрсететіндерін және оларды жүзеге асыру үшін тығыз ықпалдасатынын тағы бір мәрте қуаттады. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар