• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2015

Қазақстан БҰҰ-ның күш-жігерін қолдайды

283 рет
көрсетілді

Жидда қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің Йемен бойынша төтенше отырысы өтті. Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусиновтің басшылығымен Қазақстан делегациясы қатысты. Қатысушылардың алдында Йемен Президенті Әбд-Раббу Мансұр Хади сөз сөйлеп, елдегі қалыптасқан ахуал мен Йемендегі жан­жалды реттеу бойынша жасал­ған іс-қимылдармен таныстырды. ИЫҰ-ға мүше елдер сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Йемендегі ағымдағы әскери-саяси дағдарысты, сондай-ақ, осы елде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдарын талқылады. Делегациялар басшылары бірауыздан бейбітшілік пен тұрақтылықты тез арада қалпына келтіруге, сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2216-шы қарарының негізінде Йемендегі әртүрлі саяси күштердің арасында келіссөздер үдерісін жүргізу мен басқа да халықаралық бастамаларды қолдауға шақырды. Өз сөзінде А.Мусинов Йемен жанжалын реттеуге қатысты бейбіт шешім мен аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету, заң үстемдігі мен барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ұлттық үнқатысу қағидаттарына негізделген Қазақстан ұстанымын жеткізді. Қазақстанның БҰҰ-ның Женевада йеменаралық консультацияларды өткізу, сондай-ақ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың Йеменге тез арада гуманитарлық көмек көрсету бойынша бастамаларын ұйымдастыру жөніндегі күш-жігерлерін қолдайтынын атап көрсетті. Сессия шеңберінде Қазақстан делегациясының басшысы Ливия Сыртқы істер министрі Мұхаммед әл-Даиримен екіжақты кездесу өткізіп, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық жайын, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасына қолдау көрсету мәселелерін талқылады. 1969 жылы құрылған Ислам Ын­ты­мақтастығы Ұйымы БҰҰ-дан кейінгі екінші ірі халық­аралық ұйым болып табылады және 56 мемлекетті (Ұйымдағы мүше­лігі тоқтатылған Сирияны қоспа­ғанда) біріктіреді. ИЫҰ-ның қызметі мұсылман мемле­кет­тері арасындағы саяси, эконо­ми­калық және гуманитарлық ынты­мақтастық мәселелерінің кең ауқымын қамтиды. «Егемен-ақпарат».