АСТАНА. 12 ақпан. Гонконгта жаңадан туған қыз баланың ішінде екі ұл баланың эмбрионы бар екені анықталды. Бұл туралы Live Science басылымына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
Нәрестені қараған гинекологтар басында туған сәбидің ішінде ісік бар деп күдіктенген. Сондықтан ол дәрігердің қатаң бақылауына алынған. Артынан жүргізілген ультрадыбыстық тексеру қорытындысы шарананың қарнында бөгде заттардың барына көз жеткіздіреді. Ал туғанына үш апта болған қыз балаға операция жасау кезінде оның бауыры мен бүйрегі арасынан екі титтей шақалақ табылған. Бірінің салмағы - 9,3 грамм, екіншісі - 14,2 грамм болған. Былайша айтқанда, олар жүктіліктің сегізінші және оныншы аптасына келген.
Нәрестенің кіндігі қыздың ішіндегі плацента тәрізді массаға жалғаныпты.
Эмбрионның ішінде эмбрионның болуы орташа есеппен жарты миллион жүктілік жағдайында бір рет кездеседі екен. Ғалымдар арасында оның пайда болу себебі жөнінде әр алуан пікірлер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәрестенің құрсағындағы ұрық ісіктің бір түрі деп есептесе, Гонконг дәрігерлері кішкентай пациент жүкті емес, анасының жүктілігі барысында оның ағзасына белгісіз себеппен құрсақтас қос сыңары еніп кеткен дегенге келіп отыр.
Қазіргі заманғы медицина тарихында мұндай жағдай барлығы 200 рет тіркелген.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, сурет: Tengrinews.kz.