• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2015

Лукашенко Назарбаевқа Минск келіссөзі туралы айтып берді

298 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 ақпан. Бүгін түс ауа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. А.Лукашенко Ресей, Украина, Франция Президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтты. Қазақстан Президенті өзін хабардар еткені үшін алғыс білдірді және кездесудің жақсы ұйымдастырылуымен, сондай-ақ келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтады. Мемлекеттер басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін білдірді. Президенттер таяу арада біздің елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізу туралы уағдаласты. Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды. Минскідегі келіссөз 17 сағатқа жуық уақытқа созылды. Сәкен Майлыбай.